Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік өтті
Бородулиха ауданының Жаңа Шүлбі ауылында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараға 100-ге жуық адам жұмылдырылды. Сенбілік жұмыстары басталар алдында ауыл аумағы бірнеше учаскеге бөлініп, әрқайсысы ауданның мекемелері мен ұйымдарына бекітілді. Қатысушылар қоғамдық аумақтарды қоқыстан тазалап, шөп шабу жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ елді мекенді абаттандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарды.

Мұндай сенбіліктер елді мекендердің санитариялық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғау мен абаттандыру жұмыстарына жұртшылықты кеңінен тартуға ықпал етеді.
Бородулиха ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендердің санитариялық тазалығын сақтау және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
#Экология, #Абай облысы, #"Таза Қазақстан" акциясы