Семейде 20 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

Семейде 20 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен Семей қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында қала әкімі Әділет Қожанбаев жазды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. 

Қала тазалығына арналған бұл игі шараға мемлекеттік қызметшілер, ірі, орта және шағын бизнес өкілдері, еріктілер мен қала тұрғындары белсене атсалысты. Сенбілік тек қаланың орталық көшелерін ғана емес, сонымен қатар шеткері аумақтарды да қамтыды. «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қаланың ірі, орта, шағын және сауда кәсіпорындары белсенді түрде атсалысуда. Облыс әкімінің үндеуінен кейін қаладағы ірі, шағын, орта және сауда кәсіпорындар сенбілікке шықты.

Қатысушылар аумақтарды күл-қоқыстан тазартып, жасыл аймақтарды ретке келтірді. Бұл бастама тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын көрсетіп қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етті.

Семей қаласында 20 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты.


#Семей, #Экология, #сенбілік