Семейде қоқыс таситын жаңа көліктер әкеліне бастады
Бүгінгі таңда қалада қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесін шешу үшін Семей қаласының әкімдігі қысқа мерзімде шешуге қабілетті іс-шаралар жоспарын әзірледі. Қала әкімдігі бірнеше жыл қатарынан қордаланған бұл мәселені шешу үшін нақты шешімдер қабылдап жатыр.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды кварталішілік аумақтардан шығару проблемасын шешу үшін контейнерлік алаңдардың санын ұлғайту, жүктеме көлемі үлкен жаңа форматтағы контейнерлерді орнату, қоқысты шығаруға арналған арнайы техника санын ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, нақты жұмыстар жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда қала аумағында контейнерлік алаңдарды жайластыру үшін, 200-ден астам алаң жабдықталды.
Ағымдағы жылы қалалық әкімдік пен қоқыс шығарушы компания арасындағы меморандум арқылы коммуналдық техника жаңартылып, 4 қоқыс шығару техникасы әкелінді, жұмысқа кірісіп жатыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылы ЖКХ бөлімі жаңа стандарттарға сай келетін 1080 контейнер сатып алып, қаланың әртүрлі бөліктеріндегі алаңдарға жайластырды. Жақын уақытта тағы 400-ден астам контейнер Семей қаласына жеткізіледі.
Сонымен қатар, қаланың шеткері аумақтарында қоқыс полигондарын жою мақсатында тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде. 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың бастамасымен өткізілген жалпықалалық тазалық акциясы шеңберінде 100-ден астам қоқыс үйіндісі жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жылы бойы жүргізілетіндігін хабарлаймыз.