Үржар ауданында «Болашақ» саябағында тазалық жұмыстары жүргізілді

Үржар ауданында «Болашақ» саябағында тазалық жұмыстары жүргізілді

«Болашақ» саябағы – Үржар ауылында орналасқан үлкен саябақ, аумағы 5-6 гектарды құрайды. Бұл демалыс үшін тамаша орын, мұнда ауыл қонақтары да, жергілікті тұрғындар да уақыт өткізе алады.

Үржар ауданында орналасқан «Болашақ», «Балалар саябағы», «Батырлар аллеясы» сияқты саябақтар жаздың ыстық күндерінде тұрғындардың демалатын сүйікті орны. Осындай көрікті жерлерді сақтау және күтіп ұстау аудан тұрғындары үшін де өте маңызды. Үржар ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар маңызды рөл атқарып, жалпыұлттық сипат алуда. Бұл ретте «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен әлеуметтік сала қызметкерлері жұмылдырылып, саябақтың аумағын шөптен тазарту, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді.

«Жасыл ел» еңбек жасағының кураторы Серік Сәрсенбаевтың айтуынша, Үржар ауданы бойынша көшелерді қоқыстан тазарту, Алакөл жағалауын қоқыстан тазалау мақсатында «Жасыл ел» жасағының II легі жалғасуда.

«Бүгін біз ауданымыздың көрікті жері «Болашақ» саябағын тазалауға қатысып жатырмыз», - деді ол.

Шара барысында саябақ гүлдері арамшөптерден тазартылып, суарылды. Жол жиектері әктеліп, 100-ден астам шырша мен басқа да ағаштар әктелді.


#Экология, #"Таза Қазақстан" акциясы