«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мамандары экологиялық шараларды қолға алды

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мамандары экологиялық шараларды қолға алды

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мамандары ел көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде экологиялық шараларды қолға алды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі  «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесі Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Мамандар жолдардың бойын, елді мекендерге кіре берістердегі ескерткіш маңдарын тазартып, жол саласы ардагерлердің үйлерінде сенбіліктер өткізуде. Акция аясында «Семей-Павлодар» тас жолында көліктерді тоқтатып экоқапшықтар таратылды. Мамандар жолаушылар мен көлік жүргізушілерін тазалыққа шақырып, экологияны сақтауға үндеді.

 Семей қаласында  «Таза Қазақстан деген акция болып жатыр екен . Өзіміздің туып өскен жеріміз. Қазір көшеде  эко мусор тастайтын орындар бар. Заттарды соған тастауға тырысамыз. Жол бойында байқаймыз. Әттеген-ай дейміз. Басқа не дейміз. Енді барша қазақстандықтарға айтарым, тазалықты ұстайық,- көлік жүргізуші Айдос Айтбеков. 


#Семей, #Экология, #Абай облысы, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"