Жолшыларға арналған оқу семинары өтті

Жолшыларға арналған оқу семинары өтті

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның Абай облысы бойынша филиалы автомобиль жолдары бойынша жергілікті атқарушы органдарының қызметкелеріне оқу семинарын өткізді,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі ведомствоның облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Онда кәсіпорын филиалының жұмыс барысы мен жаңадан қолданысқа енгізілген нормативтік құжаттар таныстырылды. Жолдарға орташа жөндеу жұмыстарына ведомстволық сараптама жүргізу, диагностика және төлқұжаттау, автожол жобаларында сапаны бақылау әдіс-тәсілдері жайлы айтылды.

- Жол саласы бойынша семинар өткізіп жатырмыз. Аудандардан мамандар келіп жатыр. Жергілікті атқарушы органдардан бар. Жол құрылысының сапасын арттыру жайлы айтылды. Біздің мекеме сапаны қалай тексеретіндігін түсіндіріп жатырмыз. Мақсатымыз жергілікті жерлерде жолдарды салғанда сапаға мән беру қажеттігін түсіндіру- дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының инженері, Роллан Қалиақпар.


#Абай облысы, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы", #автокөлік