«АDAL AS» компаниясының өнімдері Алакөлде

«АDAL AS» компаниясының өнімдері Алакөлде

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында және "Семей қаласының күні" мерекесі аясында "Алакөл" демалыс аймағының жағалауында шілденің 12-13 – і күндері "Жергілікті тауар өндірушілердің көрме - жәрмеңкесі"өтті. 

Көрме – жәрмеңкеге «АDAL AS» компаниясы қатысып, демалушылар назарына ұлттық өнімдер ұсынды. Солардың бірі келушілердің қызығушылығын тудырған компанияның жаңа өнімі – «АS TAL» болды. Алакөлде демалып жатқан жұртшылық ұлттық өнімдермен қатар, жаңа өнімнің дәмін татып, кейбірі бірден сатып алып жатты. 

Естеріңізде болса, «АS TAL»ешбір қоспасыз дайындалған пайдалы, табиғи өнім. Денсаулықты жақсартуға септігі мол. (Ағзаны тазарту, күш-қуат беру, қан қысымын реттеу, қанның құрамындағы қант мөлшерін төмендету, салмақ азайту т.б) 

Өнімнің негізі -талқан. 

Алматы технологиялық университеті Азық-түлік өнімдерінің сапа мен қауіпсіздігін бағалау ғылыми-зерттеу зертханасы мен «Alikhan Bokeikhan University» зертханасында зерттеуден өткен.

Көрме-жәрмеңке елден тыс жерлерде сұранысқа ие қаламызда өндірілетін тауарлармен танысуға, өлкеміздің мәдени мұрасы мен өзіндік ерекшелігін ашатын халық шығармашылығы бұйымдарын көрсетуге бағытталған.


#Абай облысы, #Алакөл