Алматы облысына салынған инвестициялар

Алматы облысына салынған инвестициялар

2022 жылы Алматы облысының ауыл шаруашылығы капиталына 47,1 млрд теңге инвестиция тартылды, 496 жұмыс орнын құрумен 22 инвестициялық жоба іске асырылды. Ағымдағы жылы жобаларды қарау қорытындысы бойынша Алматы облысы үшін қолданыстағы МТФ құру және кеңейту бойынша 12 инвестициялық жобаны іске асыру үшін 15 млрд теңге мақұлданды және бөлінді. 2023 жылдың соңына дейін 71 млрд теңге инвестиция тартумен және 659 жұмыс орнын құрумен 8 жоба іске асырылуда.Шетелдік және отандық инвесторлармен 40-тан астам іскерлік кездесулер өткізіліп, 462,5 млрд. теңгеге 50 меморандум мен келісімдерге қол қойылды.

Облыстың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 267,0 млрд. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 119,4% - ға өсті. 2023 жылы Алматы облысына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны - 205,3 млн. АҚШ  доллар құрады. 

Ұйғыр ауданында қуаттылығы жылына 17,5 мың тонна құс етін құрайтын "Прима-Құс" құс фабрикасын салу жобасы іске асырылды, Жамбыл ауданында қуаттылығы жылына 15 мың тонна болатын "Белес Агро" ет бағытындағы құс фабрикасын салу жоспарлануда. Іле ауданында "FRUITART" ЖШС жобасы - терең өңдеу және шокты мұздатудың инновациялық технологиялары бар экспорттық жеміс-жидек кластері жұмыс істей бастайды.

 


#almatyregion2023, #Almatyzhastary, #Нәзия Жоямергенқызы