Астанада Түркі мемлекеттері әйел-кәсіпкерлер кеңесінің IV кеңейтілген Бас Ассамблеясы өтті
Астана қаласында Түркі мемлекеттерінің әйел-кәсіпкерлер кеңесі Бас Ассамблеясының IV кеңейтілген отырысы жоғары деңгейде өтті. Іс-шара аясында «Women Forward: Бизнес. Шағын технологиялар» атты форум-көрме ұйымдастырылып, түркі әлеміндегі кәсіпкер әйелдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Бұл маңызды жиынға «Адал Ас» компаниясының директоры Раушан Мұратханқызы Мұқажанова қатысты. Сондай –ақ көрмеге компанияның өнімдері қойылды. Ұлттық өнімдер көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Жиын жұмысына Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі Жанасова Әсел Жұбанышқызы, Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Моника Иверсен, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Катаржина Вавьерня, сондай-ақ Түркі мемлекеттерінің сауда-өнеркәсіп палаталары одағы жанындағы Түркі мемлекеттері әйел-кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Ләззат Керімқұлқызы қатысты. Сонымен қатар Қытай, Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан елдерінен келген Одақ жанындағы әйел-кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері мен өзге де лауазымды тұлғалар қатысып, пікір алмасты.
Ассамблея барысында қатысушылар табысты әйелдердің шынайы оқиғаларын таныстыру, өңірлік экономикадағы әйел көшбасшылығын арттыру және түркі мемлекеттерінің кәсіпкер әйелдері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қосқан зор үлесі, іскерлік белсенділігі, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілігі мен ел экономикасының өркендеуіне сіңірген еңбегі үшін «Адал Ас» компаниясының директоры Раушан Мұқажанова "ASMAR" Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің ұлттық қауымдастығы заңды тұлғалар және жеке тұлғалар бірлесьігінің "BEDELDI BIZNES" ІІІ дәрежелі медалімен марапатталды.


Форум-көрме аясында заманауи шағын технологиялар, стартаптарды қолдау жолдары, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту тетіктері бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігі туды. Іс-шараның түркі әлеміндегі экономикалық байланыстарды күшейтіп, жаңа серіктестік жобалардың басталуына серпін беретіні сөзсіз.
#Астана, #экономика, #кәсіпкерлік, #Ассамблея