Биыл Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды.

Биыл Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді.

Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті:

- әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;

- жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру;

- сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету. 

Бірінші кезең бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары "кіру" декларациясын тапсырды. 

Екінші кезеңде, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкері, сондай-ақ олардың жұбайлары табыс етті.

Үшінші кезеңде, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады. 

Төртінші кезеңде, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаттары табыс етеді.

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне республика бойынша шамамен 13 млн. адам қатысу тиіс, оның 400 мыңнан астамы біздің облыстың тұрғындары.

Абай облысында жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі бойынша  декларанттар саны 63277 жеке тұлға, олардың ішінде 2024 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша 31983 тұлға декларацияны табыс етті, ол жалпы декларанттар санының 50,5% құрады.

Бүгінгі таңда азаматтардың 99 %-ы декларацияларды электронды түрде ұсынады.


#декларация, #Қазақстан