Қазақстан, Қытай, Италия, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Түркия, Әзербайжан, Ресей және Беларусьтің жүзден астам жетекші компаниялары «Kaztraffic-2024» халықаралық көрмесіне қатысты

Қазақстан, Қытай, Италия, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Түркия, Әзербайжан, Ресей және Беларусьтің жүзден астам жетекші компаниялары «Kaztraffic-2024» халықаралық көрмесіне қатысты

Астана қаласында қарашаның 28-і күні «EXPO» ХКО-да «KAZTRAFFIC-2024» ХХ халықаралық көрмесінің ашылуы өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі  "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РММ Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев қатысты.

Экспозиция жол құрылысы, жөндеу, күтіп-ұстау және жол сапасын сараптау саласындағы әлемдік инновациялар мен технологияларға арналған. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы (ЖАҰСО) көрмеде автомобиль жолдарын салу, жөндеу және пайдалану сапасын бақылауды қамтамасыз ету саласындағы цифрлық жобаларын ұсынды. Бүгінде ЖАҰСО өндірістік және бизнес-процестердің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін цифрландыру мен автоматтандыру элементтерін белсенді түрде енгізуде.

ЖАҰСО-ның жобалары, жұмыс нәтижелері және даму перспективалары туралы толығырақ ақпарат «Болашақ жолдары» халықаралық конференциясы барысында айтылады. Конференция аясында автожол саласындағы өзекті мәселелер, саланың орта мерзімді даму перспективалары және оларды шешуде бизнес өкілдерінің мүмкіндіктері конструктивті диалог негізінде талқыланады.

Көрме 2 күнге созылады (28-29 қараша).


#Қазақстан, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"