Таза Қазақстан 58 қаралымabaidan.kz

Абай облысында «Әділет» партиясының бақылауынан кейін дүкен иесіне 30 АЕК айыппұл салынды

Абай облысында «Әділет» партиясының бақылауынан кейін дүкен иесіне 30 АЕК айыппұл салынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» бастамасының мәні тек аумақтарды тазалаумен шектелмей, қоғамда  жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруда екенін атап өткен. Осы ұстанымды  негізге алған «Әділет» партиясы Семей қалалық филиалының партиялық  бақылауы барысында Бобровка кентіндегі кәсіпкерлік нысандардың санитарлық  жағдайы тексеріліп, «Эконом +» дүкенінің иесіне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл  салынды. «Әділет» партиясының Абай облыстық филиалының партиялық бақылау  инспекторы Майра Мұрсахан, Семей қалалық филиалының өкілдері, Абай  облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары және Полиция департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы  аясында кәсіпкерлік нысандардың тазалығы мен абаттандырылуына мониторинг 

жүргізді. 

Абай облысында «Әділет» партиясының бақылауынан кейін дүкен иесіне 30 АЕК айыппұл салынды

Мониторинг барысында Бобровка кентіндегі «Эконом +», «Калинка» және  «Нұржау» дүкендерінің аумақтары қаралды. Анықталған кемшіліктер бойынша нысан  иелеріне санитарлық талаптарды сақтау қажеттігі түсіндірілді. Нәтижесінде «Эконом +» дүкенінің иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 2-бөлігіне  сәйкес 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Әкімшілік шараны полиция капитаны  Фархат Рахметолла рәсімдеді. Ал «Калинка» және «Нұржау» дүкендерінің иелеріне ескерту беріліп, өздеріне  тиесілі аумақтарды тиісті санитарлық жағдайға келтіруге 10 күн мерзім белгіленді.  Талаптар орындалмаған жағдайда заңнамаға сәйкес әкімшілік шара қолданылатыны  ескертілді.

Абай облысында «Әділет» партиясының бақылауынан кейін дүкен иесіне 30 АЕК айыппұл салынды

«Біз дүкеннің ішін ғана емес, оның айналасындағы аумақты да назарға аламыз. Өйткені тұрғындар үшін нысанның маңы да қаланың бір бөлігі. Тазалықты біреу келіп жасап береді деп күтпей, әр кәсіпкер өзіне тиесілі аумаққа жауапкершілікпен қарауы керек. Партияның партиялық бақылауының  мәні де — осындай мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етудеміз»,  — деді партиялық бақылау инспекторы Майра Мұрсахан.

«Әділет» партиясының бағдарламасында азаматтарға қолайлы, таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыру және қоғамдық жауапкершілікті күшейту мәселелеріне  мән берілген. Осы бағытта партия «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы  жұмыстарға қатысып, тазалық пен абаттандыру мәселелерін партиялық бақылауда  ұстайды.