Семейде «Бір ауыл-бір өнім» көрме-жәрмеңкесі өтті

Семейде «Бір ауыл-бір өнім» көрме-жәрмеңкесі өтті

«Бір ауыл-бір өнім» көрме-жәрмеңкесі Абай облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі.

Оған өңірдегі бизнес-қоғамдастықтың 24 өкілі қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Олардың қатарында Ұлттық өнімдер өндіретін «ADAL AS» компаниясы бар. Көрме-жәрмеңкеде компания бүгінде елімізге кеңінен танымал болған табиғи таза ұлттық өнімдермен қатар, көпшілік назарына жаңа өнім – «AS TAL» коктейлін ұсынды. Жаңа өнім тұрғындардың қызығушылығын тудырды. 

Сондай-ақ, көрме - жәрмеңкеде тұрғындардың ағаш пен киізден жасалған заттар мен ет, сүт өнімдерін және түрлі киім-кешек пен ойыншықтарды т.б бұйымдарды қолжетімді бағамен сатып алуларына мүмкіндіктер қарастырылған. 

Естеріңізге сала кетейік, «ОСОП» компоненті 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде құрылған «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту құралының бағыттарының бірі. «ОСОП» жәрмеңкесінің басты мақсаты – қарапайым азаматтардың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін арттыру, жаңа бастаған кәсіпкерлерге өз өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейтуге, әрі қарай экспортқа шығуына жәрдемдесу. 

Шара соңында бизнес-қоғамдастық өкілілдеріне Алғыс хаттар табыс етілді. 


#Семей, #Абай облысы, #экономика, #кәсіпкерлік, #Адал Ас