Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құрылтай 36 қаралымabaidan.kz

Семейде жастардың саяси қатысуы мен сайлау мәдениеті талқыланды

Семейде жастардың саяси қатысуы мен сайлау мәдениеті талқыланды

Семей қаласында «Жас сайлаушылар клубы: жастардың саяси қатысуы мен сайлау мәдениеті» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шарада жастардың саяси сауаттылығын арттыру, сайлау мәдениетін қалыптастыру және олардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуын күшейту мәселелері талқыланды.

Семейде жастардың саяси қатысуы мен сайлау мәдениеті талқыланды

Жиынға Абай облысының жастар ресурстық орталықтарының мамандары, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен сарапшылар қатысты.

Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Олжас Бейсенбаев жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуы мен сайлау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, жастардың саяси сауаттылығы мен азаматтық жауапкершілігін арттыру саналы қоғам қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі.

Семейде жастардың саяси қатысуы мен сайлау мәдениеті талқыланды

«Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – жастардың саяси қатысуы мен сайлау мәдениетіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасу. Жастар сайлау үдерістерін түсініп қана қоймай, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуы қажет. Саналы таңдау жасау, өз ұстанымына жауапкершілікпен қарау және азаматтық белсенділік таныту – қазіргі жастар үшін маңызды», – деді Олжас Бейсенбаев.

Жиын барысында Дулат Өтеғали сайлау алдындағы теледебаттар мен саяси бәсекелестік туралы баяндама жасады. Ол теледебаттардың сайлаушыларға кандидаттар мен саяси күштердің ұстанымдарын салыстыруға мүмкіндік беретін маңызды құрал екенін атап өтті.

Семейде жастардың саяси қатысуы мен сайлау мәдениеті талқыланды

Заңгер Нұрғазы Ануарбеков жастардың сайлауға қатысуы – олардың азаматтық ұстанымын білдірудің маңызды тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол жастардың саяси сауаттылығын арттыру және қоғамдық бастамаларға белсенді қатысу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, Мұхтар Әбдікәкімов сайлау мәдениеті мен жастардың қоғамдық-саяси белсенділігі тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Кездесу барысында саналы сайлаушыны қалыптастыру, әр азаматтың өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы және қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуының маңызы кеңінен талқыланды.

Семейде жастардың саяси қатысуы мен сайлау мәдениеті талқыланды

Шара аясында «Жас сайлаушылар клубының» төрағасы Өрлеубек Ерсінбек таныстырылды. 

Қатысушылар сайлау үдерістері, саяси бәсекелестік, жастардың электоралдық белсенділігі және азаматтық жауапкершілікке қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Семейде жастардың саяси қатысуы мен сайлау мәдениеті талқыланды

«Жас сайлаушылар клубы» жастардың саяси сауаттылығын арттырып, олардың сайлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңдардың біріне айналмақ. Өйткені саналы сайлаушы – өз таңдауына жауапкершілікпен қарайтын азамат, ал белсенді жастар – саналы қоғамның берік негізі.