Тарифті инвестицияға айырбастау – қауіпсіз болашақтың нық қадамы

Тарифті инвестицияға айырбастау – қауіпсіз болашақтың нық қадамы

Ағымдағы жылы табиғи монополиялар саласын реттеудің жаңа тұжырымдамасы «инвестицияларға айырбас тарифі» бойынша облыс аумағында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Бұл туралы  баспасөз-мәслихатында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Мейір Мадиев баяндады, деп хабарлайды  abaidan.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Департамент «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында «Курчатов Водоканал» МКК, «Семей Водоканал» МКК, «Аягөз Су» КМК атты 3 табиғи монополия субъектісінің қолдану мерзімі аяқталғанға дейін инвестициялық бағдарламалар мен тарифтерді өзгертуге байланысты өтінімдерін қарады. Сондай-ақ, «Теплокоммунэнерго» МКК үшін жылу желілеріне бюджеттен жөндеу жұмыстарына 20 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, - деп атап өтті Мейір Мадиев. Жыл бойы атқарылған жұмыс нәтижесінде, бюджет есебінен жөнделген жылу желілерінің тозуы 53%-ды (15 % төмендеу), су құбырларының тозуы – 68,63%-ды (0,47 % төмендеу), кәріз - 55,46%-ды (17,64 % төмендеу) құрайды деп күтілуде. - Биыл табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің жалақысына ерекше назар аударылды. Жалақы мөлшері Абай облысының экономикалық қызмет түрлерінің орташа жалақысына сәйкес өзгертілген болатын. Жалпы алғанда 2024 жылдың 1 қаңтарында бастап жылу, сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша тарифтертер өзгеріссіз қалмақ, - деп атап өтті департамент басшысы. Айта кететін жайт, тұтынушылар табиғи монополиялар субъектілерінің есептерімен «Монополист» базасының жаңа нұсқасында таныса алады.


#экономика, #инвестиция, #тариф