Тарифті Инвестицияларға айырбастау: Абай облысында бағдарламаны қалай іске асырады?
Бағдарлама инженерлік желілерді жөндеуді жеделдету, сондай-ақ жұмысшылардың жалақысын көтеру үшін жаңа инвестицияларды тарту үшін қажет. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Мейір Мәдиев өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі.
– 2024 жылғы Абай облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тариф қаражаты есебінен жалпы сомасы 23 598,63 мың теңгеге қосымша инвестициялар тартылды, оның ішінде: сумен жабдықтау саласына - 13 659,73 мың теңге; электр энергиясын беру саласына – 9 938,9 мың теңге. Ағымдағы жылы сумен жабдықтау және су бұру саласында тарифтерді арттыру есебінен жалпы сомасы – 200 658,268 мың теңгеге, ұзындығы 1,37 км су құбыры желісіне жөндеу жүргізу мақсатында қосымша инвестициялар тарту және тозу көрсеткішін 1,5% - ға төмендету жоспарлануда, - деп атап өтті Мейр Мәдиев.
Сонымен қатар, спикердің айтуынша, қосымша инвестициялар мен басқа да шығыстарға қажетті барлық шығындарды ескере отырып, реттелетін сумен жабдықтау қызметі бойынша тариф жобасы текше метр үшін 159,27 теңгені (бұрын – текше метр үшін 125,82 теңге), су бұру қызметі бойынша – текше метр үшін 126,36 теңгені (бұрын – текше метр үшін 95,46 теңге) құрайды.
- Қазіргі уақытта Департамент “Теплокоммунэнерго”МКК инвестициялық бағдарламаларын бекітуге тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып өтінімдерді қарайды. Осы жоба аясында кәсіпорынның 2024-2029 жылдарға арналған өтінім жобасында 1 890 416,87 мың теңге, ал 2024 жылдың 1 шілдесінен 2025 жылдың 30 маусымына дейін 346 405,65 мың теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта Департамент растайтын құжаттар мен есептеулерге сүйене отырып, оның негізділігіне баға жобасына талдау жүргізуде. Соңғы шешім ағымдағы жылдың шілдесінде қабылданады, - деді спикер.
2024 жылы тарифтерді өзгерту шеңберінде коммуналдық кәсіпорындардың өндірістік персоналының 60 қызметкері үшін жалақыны орташа деңгейге дейін көтеру туралы шешім қабылданған. Соның нәтижесінде ең төменгі жалақысы 121 679 теңгеге дейін және ең жоғары жалақы 152 168 теңгеге өзгерген.
#Абай облысы, #инвестиция, #тариф