Жалпы сомасы 425,9 млрд теңге болатын меморандумдарға қол қойылды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен жаһандық инвестициялар жөніндегі VIII қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR-2025) өтті. Форумға 50-ден астам елден мыңнан астам қатысушы, атап айтқанда, өнеркәсіп, энергетика, АӨК, қаржы, фармацевтика, консалтинг және басқа да салалардағы халықаралық, отандық компаниялардың басшылығы жиналды. Маңызды шараға Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қатысты. Іс-шара аясында облыс аумағында жүзеге асырылатын бірқатар инвестициялық жобалар бойынша маңызды меморандумдарға қол қойылды.

Форумда жалпы сомасы 425,9 млрд теңге болатын меморандумдар бекітілді. Келісімдер отандық және шетелдік компаниялармен жасалды.

Негізгі жобалар:
«SAMAL COMMODITIES» ЖШС – карбамид өндірілетін көмірхимиялық зауытты салу жобасы, инвестиция көлемі 155,6 млрд теңге, жалпы жер аумағы 151,9 га.
«Miryildiz Kz Ltd.» ЖШС – алтын өндіру фабриканың құрылысы, инвестиция көлемі 258,3 млрд теңге (480 млн АҚШ доллары)
«Техноавиа-Казахстан» ЖШС – аяқ киім фабрикасының құрылысы, инвестиция көлемі 2 млрд теңге, жер аумағы 3,2 га.
«Харвест Агро Холдинг» ЖШС – ауыл шаруашылығын дамыту және суару технологияларын енгізу жобасы, инвестиция көлемі 10 млрд теңге, жер көлемі 29,5–50 мың га.

Аталған келісімдер Абай облысының экономикалық өсімін жеделдетіп, жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірдің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға ықпал ететін болады.

«KGIR – 2025» алаңы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ шетелдік серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашатыны сөзсіз.

#Абай облысы, #экономика, #инвестиция