Тігін тігу-тірлігімнің тірегі

Тігін тігу-тірлігімнің тірегі

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз құрақ тігу ісінің шебері, 4 баланың  анасы - Шынар Көркембаева.Ол Семейде тігін шеберханасын ашып қана қоймай, нәзік жандыларға тігін ісін үйретуде. Бір сөзбен айтқанда адамдардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына үлкен үлес қосып жатыр. 

Шынар Сыпатайқызы 1979 жылы дүниеге келген. Негізгі мамандығы - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Бала кезінен әжесінің құрақ құрап, тоқыма тоқып, киім тігу шеберлігін көріп өскен. Бойындағы шеберлігін Қазиза әжесінен дарыған деп біледі. Ательесін әжесінің есімімен “KAZIZA” деп атаған.

Тігінші кәсібін 2022 жылы бастаған.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, грант ұтпды. Қаржысына алғашқы тігін машиналарын алады. Тапсырыстар артқан соң, жұмыс күшін тарту және тігін машиналар мен жабдықтар алу мақсатында , 2023 жылы мемлекеттік QOLDAU.KZ грантын ұтып, екінші тігін цехын ашады. Қайтарымсыз грант арқасында бірнеше жаңа тігін машиналары мен жабдықтар алады. Қазірде жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр.

Сондай-ақ, мүгедектер мен ерекше жандарға арналған костюмдер тігуді үйрену үшін, оқыту курстарын ашқан. Олардан 30-дан астам адам оқудан өткен. 

Қазір кәсіп ашамын деген адамға мүмкіндік көп. Тек нақты жоспар құрып, тірлікке батыл кіріссеңіз болғаны. Алдына мақсат қойып, сол жолда тынбай еңбектену керек,-дейді Шынар Сыпатайқызы.


#Семей, #Абай облысы, #Еңбек адамы