5 қалада тегін семинар: "HALYK-пен қаржылық сауат"
"Түркітілдес журналистер қоры" ҚҚ былтыр Halyk Bank серіктестігінде қазақ тілінде ақпарат тарататын журналистерге арнап, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент пен Түркістан қалаларында қаржылық сауат тақырыбына семинар-тренингтер өткізген еді. Сол дәстүр жалғасын тауып, биыл Орал, Семей, Өскемен, Қостанай, Тараз қалаларында қазақ журналистерге «Halyk»-пен қаржылық сауат» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылады.
Семинар-тренинг барысында жасанды интеллект пен медиа этика, фотовизуализация: SnapEdit, Canva AI, deepfake және deepware, dата журналистика: Grok, Gemini, «YouTube-2025: жаңа трендтер», монетизация, кіріс көзін диверсификациялау т.б. туралы айтамыз. Қатысушылар жасанды интеллект көмегімен авторлық сайт ашып, ниша таңдап, контент қалыптастырады.
Аталған семинар-тренингтерге қазақ тілінде хабар тарататын телеарна, газет-журнал, сайт, радио журналистері қатыса алады.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).
#Семей, #Түркітілдес журналистер қоры, #қаржы, #Халық банкі