Қазақстанда Салық кодексіне өзгерістер енгізілді
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да мендетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 105-VIII Заңы және«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын ұсыну бойынша (250.00-нысан) жеке санаттағы адамдар босату бөлігінде Салық кодексіне өзгерістер енгізілді.
Мәселен, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыстау міндетінен бейрезиденттер, ал 2024 жылдың 1 қантарынан бастап коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлер босатылды.
Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын барлық жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00- нысан) (бұдан әрі – Декларация) ұсына бастады.
Декларацияны табыстау жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндеттемелерінің бар жоқтығын көрсетуге арналған.
2024 жылы Декларацияны 2,4 млн. жеке тұлға табыстауы қажет.
Ағымдағы жылдың басынан бастап 1,1 млн. жеке тұлға немесе декларанттардың жалпы санының 46% декларацияны тапсырды.
Оның ішінде Декларацияның 99,9%-ы электронды түрде, атап айтқанда салық төлеушінің кабинетті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы(egov.kz) және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы табысталған.
Декларацияларды ұсыну бойынша ен үздік белсенділікті Ұлытау облысы мен Түркістан облысының тұрғындары танытып отыр.
Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) үшін Декларацияны тапсырудың сонғы мерзімі 15 қырқүйекке дейін ескертеміз.
Салықтық міндеттемені уақытылы орындамаумәселесі туындамас үшін, декларацияны алдын ала табыстауды ұсынамыз.
Декларация тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша ұсынылады.