Семейде «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы бастау алады

Семейде «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы бастау алады

Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Мемлекеттік кірістер комитетімен бақылау-касса машинаcының фискалдық чектері бойынша сыйақы сомасын төлеу бойынша «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының 15.08.2024 жылдан 31.12.2024 жылға дейінгі кезеңде іске асырылатындығын хабарлайды.

Бірінші кезеңде пилоттық жоба Абай облысы Семей қаласының аумағында іске асырылады.

Семей қаласында «Amiankz» ЖШС операторы арқылы микро және шағын бизнестің сканерленген чектері бойынша сатып алу сомасының 2% мөлшерінде кэшбэк.

«Salyq кэшбэк» пилоттық жобасына кез келген адам қатыса алады.

Осы жоба шеңберінде сатып алушы жеке тұлға қолма-қол ақшасыз және/немесе қолма-қол ақшамен төлеген кезде және фискалдық чекті алған кезде арнайы мобильді қосымшадағы штрих-кодты сканерлейді және мобильді қосымшадағы дербес шотқа сатып алу сомасының 2% мөлшерінде «Salyq кэшбэк» сыйақыларын алады.

«Amian» қосымшасын App Store және Play market-тен тегін жүктеп алуға болады.

Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы,бизнес субъектілерінің бақылау-кассалық машиналарын қолдануда және әрбір сатып алушыға чек беруде белсенді азаматтық ұстаным танытуға, сол арқылы мемлекетті қолдауға өз үлесін қосуға және өзінің тұтыну құқықтарын қорғауға сенімді болуға шақырады.


#қаржы