"Үздік салық төлеуші", "Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы"
2025 жылғы 26 қарашада Абай облысы бойынша МКД 2024 жылдың қорытындысы бойынша Үздік салық төлеушілерді марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті.
Департамент басшысы Руслан Данияров өзінің құттықтау сөзінде салық төлеушілердің аймақ экономикасы үшін маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, олардың үлесі арқасында әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға және инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік беретін бюджет қалыптасуда.
"Үздік салық төлеуші", "Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы" атағын беру тану белгісі ғана емес, сонымен қатар елдің экономикалық дамуына белсенді қатысатындардың жоғары жауапкершілігі мен кәсібилігінің дәлелі болып табылады.
Руслан Мамытұлы жеңімпаздарды құттықтап, табыс пен өркендеу тіледі.
Ведомствоның Құрмет грамотасымен, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ 2024 жылдың қорытындысы бойынша салық заңнамасының талаптарын адал орындағаны үшін келесі номинациялар бойынша марапатталды:
"Жер қойнауын пайдаланушы":
"KAZ Minerals Aktogay" ЖШС (Қаз Минералз Ақтоғай)
"Сыртқы экономикалық қызметтің (СЭҚ) үздік қатысушысы":
"ҚАЗЭЛЕКТРОМАШ" ЖШС
"Жалпы белгіленген салық салу режимі - Өндіріс":
"СЕЙВУР-ЛТД" ЖШС
"Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған АСР":
"Новая Заря" шаруа қожалығы " ЖШС
"Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі-Құрылыс":
"Казинтерэтнос" көпсалалы шаруашылық бірлестігі ЖШС
"Жеңілдетілген декларация негізінде АСР":
" ПрофКрепежKZ " ЖШС