Қазақстан трансшекаралық өзендердің суын пайдалануды халықаралық конвенция аясында шешеді

Қазақстан трансшекаралық өзендердің суын пайдалануды халықаралық конвенция аясында шешеді

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық су ағындарының кеме жүрмейтін түрлерін пайдалану құқығы туралы конвенция аясында трансшекаралық өзендердің суын бірлесіп пайдалану мәселесін шешуге ниетті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі KAZINFORM сілтеме жасап. Қазақстан 2024 жылы аталған конвенцияға қосылды.

Конвенция трансшекаралық өзендердегі судың әділ бөлінуін қамтамасыз ететін және оны пайдалануды реттейтін халықаралық құжат саналады.

Халықаралық келісім су бөлуге қатысты ықтимал дауларды шешу үшін және барлық тараптың мүддесіне сай су ресурстарын дамытуға мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық тетіктерін жасайды.

Конвенцияға сәйкес су ағыны мемлекеті өз аумағында халықаралық су ағынын пайдалану кезінде басқа мемлекеттерге зиян келтірумеу үшін тиісті іс-шараларды қабылдайды. Сондай-ақ су ағыны, судың сапасы және тиісті болжамдар туралы қолжетімді деректермен тұрақты негізде бөліседі. Бұдан бөлек, су ағыны мемлекеттері бір-біріне кеңес береді, жоспарланған іс-шаралардың халықаралық су ағынына әсері туралы келіссөз жүргізеді.


#Шекара, #су