11 шілдеден бастап Талдықорған – Өскемен учаскесінде ақылы режим енгізіледі.

11 шілдеден бастап Талдықорған – Өскемен учаскесінде ақылы режим енгізіледі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде ақылы режимнің кезең-кезеңімен енгізіледі,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі ЖАСҰО Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылғы 11 шілдеден бастап Талдықорған – Өскемен учаскесінде ақылы режим енгізіледі.

Учаскеде қажетті инфрақұрылым дайындалған. Көлік құралдарын сәйкестендіру және жол жүру ақысын есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады. Яғни бақылау аркалары арқылы өткен кезде көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі тіркеледі.

Ақылы учаскенің ұзындығы – 772,955 шақырым. Оның ішінде 32,4 шақырымы – I санатты, 740,55 шақырымы – II санатты жол.

Учаскенің бастапқы нүктесі – 287+000 шақырым, соңғы нүктесі – 1073+000 шақырым.

Жылдамдық режимі:

I-б санатты учаскеде – сағатына 110 шақырымнан аспайды;

II санатты учаскеде – сағатына 100 шақырымнан аспайды.

Абоненттік төлемді көлік құралдары Ескелді, Ақсу, Сарқан, Алакөл, Үржар, Аягөз, Жарма және Ұлан аудандарында тіркелген пайдаланушылар рәсімдей алады.

Абоненттік төлем ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жергілікті автокөлік құралдары үшін қарастырылған. Ол бір айға немесе бір жылға рәсімделеді және көлік құралының түрі мен жүк көтергіштігіне байланысты белгіленеді.

Абоненттік төлемді келесі тәсілдер арқылы рәсімдеуге болады:

– kaztoll.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы;

– 1403 тегін байланыс орталығы арқылы;

– ақы алу пункттерінде;

– клиенттермен жұмыс істеу орталықтарында.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ жүргізушілерге ақылы учаскелер туралы ақпаратпен алдын ала танысуды, көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің дұрыстығын тексеруді және тиісті құқық болған жағдайда абоненттік төлемді уақытылы рәсімдеуді ұсынады.

Қосымша сұрақтар бойынша пайдаланушылар 1403 байланыс орталығына жүгіне алады. Қоңырау шалу тегін.


#жол, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"