2024 жылы

2024 жылы "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Премьер-министр Әлихан Смайылов 2 келесі жылы "9-20-25" деп аталатын жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісіне сілтеме жасап abaidan.kz  . Премьер-министр Әлихан Смайылов бұған дейінгі "7-20-25" бағдарламасын іске асыру үшін қаражат керек екенін, бұл мәселені Үкімет "9-20-25" бағдарламасын іске қосу арқылы шешкелі отырғанын атап өтті. "Ұлттық банк өзінің лимиттерін қойды. Бұл лимиттер сұранысқа жеткіліксіз. Ұлттық банк сондай шектеу қойғандықтан, біз Үкімет шеңберінде Отбасы банк және "Бәйтерек" өзіміздің қосымша бағдарламаны әзірлеп отырмыз. Ол "9-20-25" бағдарламасы. Оның шарты: ипотекалық несие 25 жылға 9 пайызбен беріледі",-деді Әлихан Смайылов

Премьер-министр бағдарламаны іске асыру үшін қазір есеп жүргізіліп жатқанын айтты. "Оған жыл сайын 150 млрд теңге керек әрі 8 мың отбасы ипотека алу мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін біз 100 млрд теңгені нарықтан тартуымыз керек, ал Отбасы банк өзінің таза табысынан 50 млрд теңге бөлуі керек. Екі қаражат көзін араластырып, 9 пайыздық мөлшерлемеге шығу керек. Бұл бағдарлама негізінен жастарға арналады",  – деді премьер-министр.

Жақында Отбасы банк басшысы Ләззат Ибрагимова да жас отбасыларға арналған "9-20-25" бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеген еді.


#бағдарлама, #баспана, #Отбасы банкі