2025 жылдың 21 мамырында Семей қаласының Әуежай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

2025 жылдың 21 мамырында Семей қаласының Әуежай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

Оқу-жаттығу барысында терроризмдік сипаттағы жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мәселелері қарастырылады. Осыған байланысты бірқатар шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысына шектеу қойылатын болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тиісті мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Абай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабы


#Семей, #Әуежай, #оқу-жаттығу, #терроризмге қарсы