2025 жылы Абай облысында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жұмыстарының қорытындылары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша жұмысының қорытындыларын шығарды,- деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.
Департамент өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
2025 жылы департамент 32 бақылау шарасын өткізді, оның ішінде 15 жоспарлы тексерулер мен 17 жоспардан тыс тексерулер болды. Тексерулер нәтижесінде 2048 бұзушылық анықталды, олардың ішінде:
• мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу – 680;
• мемлекеттік қызметтерді көрсетуден негізсіз бас тарту– 471;
• құжаттар топтамасы толық болмағанда мемлекеттік қызмет көрсету – 209;
• артық құжаттарды талап ету – 2;
• қызмет көрсету мерзімдерін бұзу – 2;
• басқа бұзушылықтар – 684.
Тексерулер нәтижесінде 10 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді, бұл департамент жұмысының тиімділігін дәлелдейді. Атап айтқанда, тексеру нәтижесінде жүгінген тұлғаларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Сонымен қатар, жоспарлы тексерулер шеңберінде 18 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді, оның ішінде жер учаскелерін жалға алу мерзімдері ұзартылды.
Қазіргі заманғы бақылау құралдарын пайдалану
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылаудың тиімділігін арттыру үшін департамент қазіргі заманғы құралдарды, оның ішінде қызмет берушілердің ақпараттық жүйелерін пайдалану арқылы қашықтықтан мониторинг жүргізуді белсенді түрде қолданады. 2025 жылы осы құрал арқылы мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманың 15 мыңнан астам бұзушылықтары анықталды.
Тексерулер нәтижесінде қызмет берушілерге 72 ұсыныс енгізілді, олар толық көлемде орындалды. Бұзушылықтар бойынша 14 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 5 тұлғаға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 465-бабы бойынша 9 хаттама жасалды.
Департамент мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, бұзушылықтарды анықтау және жою, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмысын жалғастырады.