«Abai Life ақпараттық-танымдық порталы өз жұмысын бастады

«Abai Life ақпараттық-танымдық порталы өз жұмысын бастады

Абай облысының ақпараттық кеңістігі тағы бір тың жоба – Abai Life ақпараттық-танымдық порталымен толықты. Бұл – қоғамдағы жағымды жаңалықтарды дәріптейтін, өмірдің әсемдігін көрсететін, адам жанына жылу сыйлайтын жаңа медиа алаң,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Abai Life порталының басты мақсаты – негатив жаңалықтардан шаршаған оқырманға рухани демалыс сыйлау, өмірдің жақсы жағын көруге шақыру. Мұнда тек жақсы адамдар, жақсы істер мен шабытқа толы оқиғалар жарияланады.

Портал мазмұны тек жаңалықтармен шектелмейді. Мұнда:

  • Қолы алтын хирургтар мен ғалымдар,
  • Саусағынан бал тамған аспаздар мен ісмерлер,
  • Шәкірт тәрбиелеген ұстаздар,
  • Шебер ұсталар мен өнертапқыштар,
  • Кәсіпкерлер, ақындар мен жазушылар туралы әсерлі материалдар жарияланады.

Әрбір кейіпкер – өз ісінің шебері, қоғамға үлгі болатын тұлға. Abai Life сол адамдардың табыс тарихы мен өмірлік тәжірибесін оқырманмен бөлісуді мақсат етеді.

Сайт ұжымы өмірдің жарық жағын көрсету арқылы оқырманға мотивация беруді, жақсылыққа сендіруді көздейді. «Өмір – әдемі, тек оны дұрыс көру керек» деген ұстанымды негізге алған жоба өз аудиториясын жылулық пен шабытқа бөлейді.


#Семей, #Абай облысы