Абай гарнизонында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында көмек көрсетілді
Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінің жеке құрамы мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсетті.,-деп хабарлайды abaidan.kz Акция барысында балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмкелер табысталды.


Әлеуметтік жауапкершілікті арттыруды мақсат еткен игі шара – жас ұрпаққа қолдау білдірумен қатар, олардың білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
- Бұл игі іс-шара әскери бөлімде жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналған. Оның басты мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қуаныш сыйлап, олардың сапалы білім алуына жағдай жасау, сондай-ақ қоғамда қайырымдылық пен жанашырлықты насихаттау, - дейді 28738 әскери бөлімінің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Қарлығаш Мақсұтова.

28738 әскери бөлімінің қызметкерлері алдағы уақытта да осындай әлеуметтік жобаларға белсенді түрде атсалысуды жоспарлап отыр.
#мектеп, #Абай өңірлік гарнизоны