Абай облысы әкімі аппаратының жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығы жұмысын бастады

Абай облысы әкімі аппаратының жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығы жұмысын бастады

2024 жылғы 5 қаңтардан бастап Абай облысы әкімдігінде азаматтарды қабылдау орталығы (бұдан әрі – Орталық) жұмысын бастады, Орталық әкімдіктің барлық құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық мемлекеттік органдардың өкілдерін бір жерде біріктереді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысы әкімі аппаратының жанындағы Орталық халықпен жұмыс жөніндегі жергілікті атқарушы органның бірыңғай фронт-желісі болуға арналған. Орталық базасында келушілер қолайлы жағдайда мемлекеттік органға өтініш бере алады, сондай-ақ әкімдік ведомстволары өкілдерінің консультацияларын алуына болады және азаматтар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жеке қабылдауға жазыла алады.
Жеке қабылдаулар бекітілген кестеге және жұмыс регламентіне сәйкес орталық алаңында өтеді, сонымен қатар, консультациялар мен өтініштер қабылданады. Орталықтың міндеті жергілікті атқарушы органның халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Орталықта азаматтар үшін қолайлы орта құрылды, облыс тұрғындарының мәселелерін шешуде қабылдау процестері оңтайландырылды.

Жұмыс кестесі:

 дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі ас уақыты 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Орналасқан жері:

 Семей қаласы, Абай көшесі, 86.

Қоғамдық көліктер

Орталық алаң аялдамасы: 2, 3, 5, 9, 17, 28, 29, 31, 33, 35, 36, 41, 43, 56.

Медициналық академия аялдамасы: 3, 9, 20, 28, 33, 36, 41, 43, 56.

Жеке көлікті тұраққа қою қаланың қоғамдық кеңістігінде жүзеге асырылады.


#Семей, #Абай облысы