Абай облысы бойынша сумен қамтамасыз ету 92,8% құрайды

Абай облысы бойынша сумен қамтамасыз ету 92,8% құрайды

Өңірдегі 327 елді мекенің 298-і сумен қамтамасыз етілген. Яғни, сумен қамту халықтың  92,8% құрайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысы энергетика және тұрғын үй-шарушылық басқармасының сумен қамту және су бұру бөлімінің басшысы Құралай Дүйсенбаева баяндады.

 

- Абай облысындағы 327 елді мекенінің тек, 29-ы ғана сумен қамтылмаған. Облыстың 607,556 мың тұрғынының 43,241 мыңға жуығы сумен қамтамасыз етілмеген (оның ішінде 29 ауылдық елді мекенде 16,541 мың адам және Семей қаласында 26,700 мың адам).Облыс халқының 2025 жылға дейін  сумен 100% қамтамасыз етілуіне қол жеткізу үшін жаңа құрылыстың 46 жобасын іске асыру қажет, - деді Құралай Дүйсенбаева.

 

2024 жылы бюджеттен 8,6 млрд.теңге бөлінген. Бұл құрылыстың әр түрлі сатысындағы 53 жобаның (33 құрылыс және 20 реконструкция) іске асырылуына қарастырылған.

 

- Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 24 жобаны (15 АЕМ-де және Семей қаласындағы 8 кент пен 1 көше) пайдалануға беру жоспарлануда, олар 22497 адамды сумен қамтитын болады. Осылайша облысты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үлесі 96,6%  жетпек, - деп атап өтті спикер.

 

    Сумен жабдықтау желілерін салудың 22 жобасы 2024-2025 жылдары іске асырылмақ.  Соның нәтижесінде өңірдегі 20744 адамды сумен қамтып және орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үлесін 100% -ға жеткізу жоспарлануда


#су, #ауыз су