Абай облысынан батыс өңіріне 124 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді
Абай облысының волонтерлері наурыз айынан бастап Аягөз, Бесқарай, Жарма, Бородулиха және Ақсуат аудандарында болған су тасқыны кезінде көмектесті, -деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Өңірде әр ауданда 700 жуық волонтер алғашқы көмек, гуманитарлық көмек көрсету жұмыстарында ТЖ қызметкерлерімен бірге жұмыс істеуде. «Өңірде жағдай тұрақталғандықтан, біздің волонтерлер басқа өңірлерге барып қол ұшын созуда. Бүгінгі күні Абай облысы атынан 124 тонна гуманитарлық көмек жиналып, су тасқынынан задап шеккен батыс өңіріне Камазбен, пойызбен жөнелтілді», - деді Абай облысы волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Айдос Толеуканов .