Абай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің шекті мөлшерінен асырудың 116 фактісі анықталып, жолы кесілді.
Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай осуществляет системную работу по государственному контролю за соблюдением требований Закона Республики Казахстан «О регулировании торговой деятельности.
Осылайша, 2026 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша 119 әкімшілік іс қаралды, олардың 116 фактісі бойынша заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды, жалпы сомасы 1 656,5 мың теңгені құрады. 2025 жылдың осыған ұқсас кезеңімен (93 әкімшілік іс, оның ішінде 90-ы бойынша бұзушылықтар анықталған) салыстырғанда қаралған істер саны 26 бірлікке немесе 28%-ға, ал анықталған бұзушылықтар саны 26 фактіге немесе 28,9%-ға артты.
Тіркелген бұзушылықтар құрылымында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін асыруға байланысты бұзушылықтар ең үлкен үлесті құрайды. ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша 2026 жылдың I жартыжылдығында
105 бұзушылық анықталып, олардың жалпы сомасы 1 513,7 мың теңгені құрады. Бұл
2025 жылдың осыған ұқсас кезеңімен (2025 ж. – 84 факт)салыстырғанда 21 фактіге немесе 25%-ға артқан.
Сауда субъектілерінің санаттары бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде бұзушылықтардың негізгі үлесі - 89,5% (94 факт) - үй жанындағы дүкендерге тиесілі екені анықталды, көтерме саудамен айналысатын субъектілер бойынша 11 бұзушылық немесе 10,5% анықталған.
Сонымен қатар, жүргізілген жұмыс барысында ішкі және (немесе) сыртқы витриналарда орналастырылған баға белгісімен (баға жапсырмасымен) рәсімделмеген немесе бағасы көрсетілмеген тауарларды сату, сондай-ақ баға жапсырмасындағы құнынан жоғары бағада тауар сату фактілері анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 193-бабының 4-бөлігі бойынша есепті кезеңде 11 бұзушылық анықталып, жалпы сомасы 142,7 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен (2025 ж. – 6 факт) салыстырғанда 5 жағдайға немесе 83,3%-ға артық.
Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, полиция, кәсіпкерлік басқармасы, ветеринариялық инспекция және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша баға жағдайына мониторинг жүргізу және баға белгілеу саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында Семей қаласының көтерме базарларында рейдтік іс-шаралар өткізді.
Бұдан бөлек, кәсіпкерлермен және базар әкімшіліктерімен заңнама талаптарын сақтау және баға белгілерін рәсімдеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша Абай облысының ішкі істер органдары ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабының 1 және 2-бөліктері бойынша белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін жалпы сомасы 64,0 мың теңгеге 3 хаттама толтырды.
Кәсіпкерлермен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бизнес субъектілері заңнама бұзушылықтары анықталған жағдайда мемлекеттік ден қою шараларының дереу қабылданатыны туралы ескертілді.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда тұр.