Абай облысында белсенді азаматтарға Президент атынан Алғыс хаттар табысталды

Абай облысында белсенді азаматтарға Президент атынан Алғыс хаттар табысталды

Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы аясында өткен саяси науқанға қатысқан азаматтарды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Бұл шара елдегі қоғамдық-саяси белсенділікті арттыруға және азаматтардың маңызды реформаларға қосқан үлесін атап өтуге бағытталды. Белсенділерді Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов құттықтады. 

Шара барысында өңірдің дамуына, қоғамдағы оң өзгерістерге және саяси науқанның табысты өтуіне үлес қосқан белсенді азаматтар ерекше құрметке ие болды. Оларға Қазақстан Республикасының Президенті атынан алғыс хаттар мен арнайы төсбелгілер табысталды. Марапат иелері өз кезегінде ел болашағы үшін атқарылған жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, мұндай бастамалар азаматтық жауапкершілікті нығайта түсетінін жеткізді. Жиынға қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының өкілдері және түрлі сала мамандары қатысып, еліміздегі реформалардың мәні мен маңызы туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, коалиция аясында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері сараланып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Марапаттау – тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар ел дамуына бейжай қарамайтын азаматтарды біріктіретін маңызды алаң. Осындай кездесулер қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтып, Қазақстанның әділетті әрі прогрессивті мемлекет ретінде қалыптасуына ықпал етеді,-деді облыс әкімінің орынбасары.

Шара соңында қатысушылар елдің жарқын болашағы үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін білдіріп, бастамаларды одан әрі де қолдайтындықтарын жеткізді..


#Абай облысы, #марапат