Абай облысында халықты сапалы ауыз сумен қамту үшін 33 жоба іске асырылуда

Абай облысында халықты сапалы ауыз сумен қамту үшін 33 жоба іске асырылуда

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Абай облысының әкімі Берік Уәли мәлім етті.

Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес Абай облысында 33 жоба жүзеге асырылуда. Биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 16,7 млрд. теңге бөлініп отыр. Аталған жобалар іске асқанда 38 мың адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде облыстың сумен қамтылу деңгейін 100%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. 

Су желілерінің тозуын азайту мақсатында биыл 4 жоба аяқталып, тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендетіледі. Келесі жылға 24 су желілерін қайта құру жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, облыс орталығындағы Мұрат саяжайы мен Бобровка кенттерін электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. 


#Абай облысы, #ауыз су