Абай облысында игерілмей жатқан 254 898 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Абай облысында игерілмей жатқан 254 898 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының «Жер Аманаты» комиссиясы жергілікті атқарушы органдармен бірге пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы 250 000 гектар жерді ағымдағы жылы мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлаған болатын. Қазіргі таңда 254 898 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 233 223 гектары жайылымдық , 17 409 гектары егістік болса, 4265 гектары өзге мақсаттағы жерлер. Өңірде белсенді түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жоспар 102% орындалды.
#АМАНАТ партиясы, #жер, #"Жер Аманаты"