Абай облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
2026 жылғы 16 қаңтар сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі ҚазАвтоЖол баспасөз қызметіне сілтеме жасап
- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау –Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 587-733, 756-906 шақырым аралығы (Павлодар облысы шекарасы – Семей қаласы – Қалбатау қаласы);
- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау –Семей – Павлодар –РФ шекарасы» автожолының 1004-1103 шақырым аралығы (Көкпекті ауылы – ШҚО шекарасы);
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 778-1013 шақырым аралығы (Аягөз қаласы – ШҚО шекарасы);
- «Өскемен – Семей» автожолының 103 -198 шақырым аралығы, (ШҚО шекарасы – Семей қаласы);
- «Семей – Қайнар» автожолының 8-284 шақырым аралығы (Семей қаласы – «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолына дейін);
- «Семей – Қайнар» автожолының 2-113 шақырым аралығы (Семей қаласы- РФ шекарасы);
- «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолының 320-941 шақырым аралығы, (Қарағанды облысы шекарасы – Боғас ауылы)
Жолды 2026 жылғы 17 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
📞1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
#Абай облысы, #ҚазАвтоЖол, #автокөлік