Абай облысында құрғақ шөп өрті тіркелді

Абай облысында құрғақ шөп өрті тіркелді

Абай облысының Бесқарағай ауданында құрғақ шөптің жануы орын алды.

ТЖМ-нің мәліметінше, 10 шілдеде сағат 12:35-те «101» пультіне Бесқарағай ауданында Бірлік пен Белокаменка ауылдарының арасында құрғақ шөптің жануы орын алғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары, орманшылықтар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері дереу жолға шықты.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін ашық аумақта қамыс, бұта және құрғақ шөп өртеніп жатқаны анықталды.

Өрт сағат 15:18-де оқшауланды. Өрттің алдын ала ауданы 4,5 гектарды құрады», - деп жазды министрліктен.

Орман қоры мен елді мекендерге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта өртті сөндіруді құрамында 30 адам және 7 техника бар Абай облысы ТЖД, ЖАО және «Семей Орманы» МОТР күштері мен құралдары жүзеге асыруда.


#өрт, #Экология, #Абай облысы