Абай облысында Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Республика күніне орай, Семей қаласындағы көпірасты кеңістікте Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, облыс және қала депутаттары, қоғам қайраткерлері, жастар, жиыны 200-ден астам адам қатысты. Жиналған қауым оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік әнұранды орындап, мерекеге орай ел Туы көтерілді.
#Семей, #Абай облысы, #Абай облысының әкімі