Абай облысында ұлы ақынның 180 жылдығына орай автомобиль жолының учаскесі ашылды
2025 жылғы 8 тамызда Абай облысында республикалық маңызы бар KAZ08 «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы (Өбе өткізу пункті)» автомобиль жолының 615-685 шақырым аралығындағы №6 учаскесінің (Сарқан, Аягөз айналма жолдарымен және Мұқыры асуына кіреберісімен бірге) ашылуы өтті.

Нысанның пайдалануға берілуі ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орайластырылып, магистральді қайта жаңғырту жобасының бірінші іске қосу кешені аясында жүзеге асырылды.
Ұзындығы 71,77 шақырым учаскеде асфальтбетон жамылғысының үстіңгі қабаты толықтай төселді.
Қайта жаңарту жұмыстары барысында мынадай негізгі жұмыстар атқарылды:
• жаңа көпір және жол өткелі салынды;
• 29 су өткізгіш құбыры орнатылды;
• қиылыстар мен қосылу нүктелерінде 52 су өткізгіш құбыры орнатылды;
• 20 кіреберіс жол салынды;
• 143,4 мың бойлық метрде жиектерді нығайту жұмыстары жүргізілді;
• ақпараттық арка орнатылды;
• ұзындығы 43,19 шақырым болатын тосқауылдық қоршаулар қойылды;
• 452 жол белгісі орнатылды;
• 1,65 шақырымда қардан қорғайтын қоршаулар тұрғызылды.

Аталған учаскенің қайта жаңарту жұмыстары көлік өткізу қабілетін және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, елдімекендер арасындағы жол жүру уақытын қысқартуға, сондай-ақ өңірлердің көлік байланысын жақсартуға мүмкіндік береді.
#Абай облысы, #жол, #автобус, #жөндеу жұмыстары, #Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл