Абай облысында жаз басталысымен бір адам суға кеткен
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!
Жазғы демалыс су жағасында көңілді өтеді, алайда қауіпсіздік ережелерін ұмытсаңыз — қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін:
• Мас күйде суға түсуге қатаң тыйым салынады.
• Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз.
• Тек арнайы жабдықталған, рұқсат етілген орындарда шомылыңыз.
• Буйлардан асып жүзбеңіз, бейтаныс жерлерге сүңгімеңіз.
• Қайықта немесе катамаранда құтқару жилетін кию міндетті.
Өз өміріңізді және жақындарыңызды қорғаңыз — қауіпсіз демалыс ең жақсы демалыс!