Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласы тұрғындарымен кездесуде

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласы тұрғындарымен кездесуде

Кездесуде өңірдің жеткен жетістіктері мен қолға алынған жобалар айтылды.  Сондай-ақ тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өтеді.

«Семей – талай тарихи оқиғаның кәугері, еліміздің рухани-мәдени орталығы. Сүйікті қаламызды көркейтуге көңіл бөлініп жатқанын білесіздер. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Барлық салада оң өзгерістер орын алып, әлеуметтік-экономикалық даму ілгерілей баса бастады. Әрине, бағасын беретін сіздер, құрметті жерлестер! Біздің мақсат - халықтың тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру. Оған бағытталған жұмыстар жалғасын тауып келеді. Ең бастысы, басымызды біріктіріп, «берекелі ел» болу ұстанымынан ажырамай, берілген мүмкіндіктерді барынша пайдалану. Бұл - болашақтың қамы!» - деп айтты облыс әкімі.


#Абай облысы, #Абай облысының әкімі