Адал ас – қайырымдылық жаршысы

Адал ас – қайырымдылық жаршысы

Ұлттық өнім өндіретін «Адал ас» компаниясы тек сапалы әрі табиғи тағамдармен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілігімен де танымал. Компания қайырымдылық шараларына белсенді түрде қатысып, көмекке мұқтаж жандарға үнемі қол ұшын созып келеді.

Жақында осындай игі істердің бірі ретінде қаламыздағы көпбалалы отбасына көмек көрсетілді. Күн көрісі төмен, бес бала тәрбиелеп отырған Динара Титова ханымға «Адал ас» компаниясы өз өнімдерін тарту етті. Бұл көмек отбасына үлкен қолдау болып, ананың алғысын арқалады.

Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. 

«Біздің мақсатымыз – тек денсаулыққа пайдалы өнімдер ұсыну ғана емес, қоғамның әлсіз топтарына қолдау көрсету. Бұл – әрбір кәсіпкердің азаматтық борышы», – дейді компания басшысы Ермек Мезібаев. 

Адал еңбектің нәтижесін ел игілігіне жұмсаған «Адал ас» ұжымы алдағы уақытта да ізгі бастамалардан шет қалмайтынына сенім мол.


#Семей, #Адал Ас