«ADAL AS» компаниясы қарттарға сыйлық жасады
1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Бұл күні барлық қарт адамдардың жомарттығы мен даналығына, азаматтықтың кемел шағына құрмет көрсетіледі. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Ұлттық өнім өндіретін «ADAL AS»компаниясының басшылығы мерекеге орай, дүкенге сауда жасауға келген қарттарға табиғи таза өнімдерден жасалған отандық өнімдер жиынтығын тарту етті. Тосыннан жасалған сыйлыққа қариялар ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді. Биыл ұлттық өнімдер өндірумен айналысатын компанияға - 15 жыл! . Бүгінде компания 60-қа жуық өнім түрін шығарады.
«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»,- дегендей сөзінің сарасымен, парасатты санасымен жол сілтер, жөн көрсетер ұлағатты отбасында тәлім-тәрбие алған ұлттық компанияның басшылары атаулы күнді осылайша ерекше атап өтті.
– Қарттар күні – мейірім мен шуаққа толы айтулы күн. Қарияларымыздың ақ батасы – асыл қазынамыз. Өмірден көргені мен түйгені көп ата-әжелерімізді ардақтау басты парызымыз деп білеміз. Ол кісілердің өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерінің, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек, – дейді «ADAL AS»компаниясының басшылығы.
#Семей, #Абай облысы, #Адал Ас