Қабылдауға бөлім басшылары, коммуналдық қызметтердің өкілдері, сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында тұрғындар тұрғын үй мәселесі, жол инфрақұрылымы, сумен жабдықтау, аулаларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру бойынша өз өтініштерін жеткізді. Әрбір тұрғынның өтініші бойынша жан-жақты түсініктемелер беріліп, қала әкімі Әділет Қожанбаев жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді мұқият қарап, оларды шешу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Семей қаласының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады





