АҚПАРАТТЫ ТҰТЫНУДЫҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ, ЖАҢА ФОРМАТТАР

АҚПАРАТТЫ ТҰТЫНУДЫҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ, ЖАҢА ФОРМАТТАР

 «АҚПАРАТТЫ ТҰТЫНУДЫҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ, ЖАҢА ФОРМАТТАР» деген тақырыпты қамтыды. Мұнда қатысушылар ақпаратты тұтыну әдетінің өзгеруі және болашағына тоқталып, жасанды интеллект пен жаңа форматтарға назар аударудың маңыздылығын сөз етті. 

Бүгінде ақпаратты тұтыну әдеті өте тез өзгеріп жатқаны белгілі. Бұл орайда әлеуметтік желілер, қысқа видеолар, аудиоформаттар сияқты жаңа технологиялардың пайда болуы адамдардың ақпаратқа деген қажеттілігін және оны қабылдау тәсілін түбегейлі өзгертіп жатыр. Бұл жаңа жағдайда медиа компанияларына жаңа форматтар мен платформаларға бейімделу, контентті монетизациялау және жасанды интеллект сияқты құралдарды тиімді пайдалану сынды үлкен міндеттер жүктеледі. «Жасанды интеллект журналистика саласында қандай мүмкіндіктер ашады? VR/AR технологиялары қандай салаларда қолданылады? Контентті монетизациялаудың жаңа әдістері қандай? Әлеуметтік желілердің адамдардың психологиясына әсері қандай?» деген сауалдарға жауап іздегендер спикерлердің бұл саладағы жаңа ақпараттын естіп-біліп қана қоймай, күнделікті тәжірибеде қолданудың тың тәсілдері туралы тыңдады. 


#Алматы, #медиа форум, #түркітілдесжурналистерқоры