Ақылы жолдарға қарыз көбейген

Ақылы жолдарға қарыз көбейген

Абай облысындағы ақылы жолдар арқылы жүрген жүргізушілердің берешегі 6 миллион теңгеге жуықтаған,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі   "Жол активтер сапасының ұлттық орталығы" РМК Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өңірде қазір «Омбы-Майқапшағай» трассасының «Павлодар-Семей-Қалбатау» аралығындағы жол ақылы болып саналады. Әзірге тек жүк көліктері үшін ғана. Қазір аталған бағытта жүріп өткен 2045 көліктің иелері берешектерін өтемеген. Төлем жүк тасымалдайтын техниканың салмағына қарай әртүрлі. Енді борышкерлерден қарызды өндіру үшін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері, жол полициясы, көлік инспекциясымен бірлесіп рейдттер өткізбек. Оған көнбегендердің қарызын сот орындаушылар арқылы өндіру қолға алынады. Жалпы ақылы жолдан түскен қаржыға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Абай облысындағы филиалы өткен жылдан бері жолды күтіп ұстауға қажет 24 жаңа техника сатып алған.

 «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК Абай облысындағы филиалының директоры Айдын Ескеновтың айтуынша, Қалбатаудан Павлодарға жеткенше, жүк тиелген үлкен жүк көлігіне 12500 теңге болады. Айта кетеміз, бұл түскен ақша жол ақылы болғаннан кейін ең бірінші ақылы жолдан түскен ақшаға сатып алынып жатыр. 5 миллион 900 мың дегеніміз ол да біраз техникамызға жарар еді. Біраз жанар-жағармайымызға жетер еді.


#Абай облысы, #жол, #ҚазАвтоЖол, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"