«Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 2023 жылы 10 мыңға жуық жас маман жұмысқа орналастырылды
2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 9 970 адам жұмысқа орналастырылды,-деп хабарлайды abaidan.kz Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Жобаға қатысушылардың 61,6%-ы (6144 адам) әйелдер. Осы бағыт бойынша 2023 жылы жалпы 10 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын.