«Алматы–  Қалбатау -  Өскемен» тас жолында  қозғалыс ашылды

«Алматы– Қалбатау - Өскемен» тас жолында қозғалыс ашылды

«Алматы-Қалбатау-Өскемен» тас жолында жаңғырту жұмыстар  жалғасып жатыр. Асфальт бөлігі 100 процент аяқталып, көлік қозғалысы ашылған,-деп хабарлайды  abaidan.kz ақпараттық агенттігі Жол активтері сапасының ұлттық орталығының Абай облысындағы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазір аталған бағытта 220 кірме жолдың 179-ы жөнделген. Жол жиектерін күшейту, тосқауылдар орнату қарқынды жүргізіліп жатыр. 3392 жол белгісінің 2800 ден астамы құрылған.  Сондай ақ тас жолда жолақтарды сызу да жеделдетіп орындалып жатыр. Күре жол бойында жоба бойынша жаңадан 49 жаңа аялдама салынуы тиіс. Қазір оның 78 проценті дайын.

Қауіпсіздік мақсатында күре жолдағы мал көп жайылатын аумақтарда, елді-мекен маңайлары тор шарбақтармен қоршалуда. 18 мың метрден астам аумаққа бөгеттер қою арқылы жол көлік оқиғаларын азайту мен қауіпсіздік қамтамасыз етілмек. Қазір бөгеттерді орнату 92 процентке аяқталған.

Жаңғырту жүргізіліп жатқан жолда қосымша қар бөгеттері де құрылуда. 30 мың метр аумаққа қар бөгейтін шарбақтар орнатылып жатыр. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мамандар аталған жұмыстар түгелдей жыл соңына дейін аяқталатындығын айтып отыр.


#Алматы, #Қалбатау, #жол, #ҚазАвтоЖол, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"