«AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының кезектен тыс IX конференциясы өтті

«AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының кезектен тыс IX конференциясы өтті

«AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының кезектен тыс IX конференциясы өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Қ.С.Сүлейменов төрағалық еткен жиынға партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы С.Ә.Ысқақов, партияның аймақтық филиалы Саяси Кеңесі бюросының мүшелері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары мен партия топтарының жетекшілері, «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Конференцияда Семей қаласының №11 және №19  сайлау округтері бойынша қалалық мәслихатқа кандидаттар ұсыну туралы, Абай облыстық «АМАNАТ» партиясы филиалы жанындағы Саяси Кеңес құрамына өзгерістер енгізу және

Абай облысы «АМАNАТ» партиясы филиалы жанындағы бақылау-тексеру комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Семей қаласының №11 сайлау округі бойынша қалалық мәслихаттың бос мандатына «АМАNАТ» партиясының атынан А.Б.Абдураимовтың, Семей қаласының №19 сайлау округі бойынша қалалық мәслихаттың бос мандатына «АМАNАТ» партиясының атынан Д. Абайқызының кандидатурасы ұсынылып, көпшілік дауыспен қолдау тапты.

Абай облыстық «АМАNАТ» партиясы филиалы жанындағы Саяси Кеңес құрамына О.И. Ибрагимов ұсынылып, бірауыздан сайланды.

Абай облыстық бақылау-тексеру комиссиясының құрамы өзгеріп, орнына Ш.Б.Чегедекова, А.С.Нұғымаров,  Ш.С.Молдағалиева болды.

Конференция барысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды. 


#Абай облысы, #"AMANAT " партиясы